Алматы қ. ТЖД-де Азаматтық қорғаныс міндеттері жүктелген мамандар оқытылды

Қауіпсіздік мәдениеті ТЖ алдын алудың жүйе құраушы факторы болып табылады, сондықтан курстардан өту әрбір адам үшін, әсіресе азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдар, кәсіпорындар мен оқу орындарының мамандары үшін қажет.
2024 жылғы 12-16 ақпан аралығында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерімен дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, шеберлік сыныптары, топтық және іскерлік ойындар өткізілді. Сағат көлемі – 22 сағат.
Оқу іс-шаралары азаматтық қорғаныстың барлық қажетті мүліктерімен жарақтандырылған ТЖД арнайы жабдықталған сыныбында өткізілді.
Азаматтық қорғаныс объектілерімен танысу үшін қорғаныс құрылысының, құрама эвакуациялық пункттің және жарылыс-өрт қауіпті объектінің макеттері көрсетілді.
Қосымша «Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары», «Өрт қауіпсіздігі», «Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдары», «ТЖ кезіндегі психологиялық көмек» және «Халықты радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау» және «Зардап шеккендерге алғашқы көмек» тақырыптарында сабақтар өткізілді.
Осылайша, тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі жеткізілді, оның мақсаты Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, лайықты сертификаттар алды, осылайша қауіпсіздік мәдениеті мен кәсіби қасиеттерін арттырды.
Алматы қаласы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы