Наурызбай ауданы ТЖБ қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлермен тренинг өткізді

Наурызбай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қазіргі таңдағы ауқымды тақырыптардың бірі “Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым” бойынша қызметкерлермен ТРЕНИНГ өткізілді. Қызметкелердің қойылған сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
‼️Жер сілкінісі кезіндегі не істеу керек?
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. ‼️Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
‼️Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
‼️Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.