Республика күніне орай Алматы қ.ТЖД қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

2023 жылғы 24 қазанда Алматы қ.Төтенше жағдайлар департаментінде ұлттық мереке Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өз құттықтау сөзінде - «25 қазан мемлекетіміздің қалыптасуына елеулі ықпал еткен ерекше тарихи маңызы бар мереке. Бұл күн ата-бабамых аңсаған арманы жүзеге асқан, еркіндік пен тәуелсіздік сыйлаған Ұлы күн. Қазіргі таңда біздің Республикамыз болашаққа, жаңа Қазақстанға сенімді қадам жасауда. Сондықтан, өзімізге жүктелген міндеттерімізді адал орындау, біздің басты мақсатымыз. Осының барлығы еліміздің көркейуіне, мықты экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Елім деп, жерім деп айтатын, өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын жас мамандарды тәрбиелеу де біздің міндетіміз», - деп айтты.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Республика күнін мерекелеуге байланысты «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»
Алматы қаласы ТЖД Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жеңісбек Тұрлыбекұлы Бозбаев және Алматы қаласы ТЖД анықтаушы бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы азавамттық қорғау подполковнигі Айдос Рашитұлы Мырзағалиев медалімен наградталды.
Қазақстан Республикасы ТЖМ грамотасымен:
Алматы қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасы жедел кезекшісінің көмекшісі азаматтық қорғау сержанты Әли Нұралыұлы Оразалы,
Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қарабатыр Сейтханұлы Бәден;
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Елмұрат Ерғазыұлы Катаев марапатталды;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Алғыс хатымен:
Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға сержанты Орынбасар Тәуіржанұлы Әшімов;
Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Қазыбек Әнурбекұлы Садуақасов;
Алматы қаласы ТЖД Алмалы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы Бақберген Жандосұлы Рүстем наградталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов атынан АЛҒЫС
Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті азаматтық корғау кіші сержанты Назгүл Мейрамбекқызы Алшағырға және
Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандыррылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті азаматтық қорғау кіші сержанты Гүлраушан Ғалымжанқызы Бақытжанға жарияланды.
Әріптестерімізді Құттықтаймыз!