В ДЧС выбрали лучшего игрока в шахматном турнире приуроченного к Дню Спасателя

Құтқарушылар күні қарсаңында Алматы гарнизонында азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен шахматтан турнир ұйымдастырылды. Турнир өте тартысты, қызықты өтті.
Жеңіс тұғырына өздерінің көп жылғы тәжірбиелерінің арқасында ардагерлер жеңіске жетті.
🏆1-ші орынды азаматтық қорғау органдарының құрметті ардагер Мұрат Майлыбаев иеленді.
🥈2-ші орынды 12 Өрт-сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Жақыпбеков иеленсе, 🥉3- ші орынды азаматтық қорғау органдарының ардақты ардагері Данияр Ақпанбетов иеленді.
Қызметкерлер ардагерлерге өздерінің алғыстарын білдіріп, тәжірбиелерімен бөліскендеріне рақмет айтты. Іс-шара соңында қызметкерлерге кофе-брейк ұйымдастырылды.