Алматы қаласының ТЖД Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне 27 жыл толуын атап өтті

Алматы қаласының ТЖД Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне 27 жыл толуын атап өтті

Салтанатты жағдайда Алматы қаласы ТЖД-да Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтау ролигі көрсетілді.

Азаматтық қорғау органдарының дамуына үлес қосқан қызметкерлері мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ведомстволық медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Алматы өртке қарсы қызмет гарнизонының үрмелі оркестрі ұйымдастырған концертте жеке құрамның сүйікті әндері мен музыкалық композициялары орындалды.

«Ағымдағы жылы «101» және «112» диспетчерлік қызметтерінің пультіне біздің қала тұрғындарынан 1 млн. астам қоңырау түсті. Департаменттің құралдары мен күштері дабыл бойынша 2 мыңнан астам сапар жасады, ТЖ аймақтарынан 579 адам эвакуацияланып, 131 адам құтқарылды. Шомылу маусымы кезеңінде мегаполистің су айдындарынан 17 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды.

Біздің Министрліктің қызметкерлерін кәсібилік, табандылық, жауаптылық, жауапкершілік пен батылдық ерекшелендіреді.

Осы мереке күні сіздерге қаламыздың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасаған жұмысыңыз үшін алғыс білдіремін», - деп Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков жылы лебізін білдірді.

Салтанатты шара естелік суретке түсірумен аяқталды.

Қызмет бағыты