Алматыда Құтқарушылар күніне орай әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

Алматыда Құтқарушылар күніне орай әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

«Құтқарушылар күні» қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қатысуымен әйелдер арасында волейболдан турнир өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша командалар топқа бөлінді, әр матчта шиеленісті атмосфера сезіліп, ойыншылар барын салды.
Командалардың әрқайсысы өзінің біртұтастығын көрсетіп, «үздік» атану үшін жан аямады. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Алматы қаласы ТЖД командасы, ал екінші орынды «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері иеленді. Үшінші орын «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің командасына бұйырды.
Турнирдің мақсаты - достықты нығайту, спорттық жарыс ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.
Жеңімпаздар 19 қазанда – «Құтқарушылар күніне» орай өтетін салтанатты іс-шарада марапатталады.

Қызмет бағыты