Алматы құтқарушылары мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп, апта сайын оңтүстік астананың су қоймалары мен өзендері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде

Алматы құтқарушылары мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп, апта сайын оңтүстік астананың су қоймалары мен өзендері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде

Алматы құтқарушылары Алматы қаласы ПД ЖПҚҚБ қызметкерлерімен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай және ЛидерKz еріктілерімен бірлесіп 2022 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Жаздың жылы күндерінің басталуымен оңтүстік астанада қаланың су айдындарында демалғысы келетін қала тұрғындарының саны айтарлықтай өсуде. Дәл осы кезеңде суда адамдардың қаза болуымен байланысты қайғылы жағдайлардың көп тіркеледі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, көптеген жағдайларда азаматтар мас күйінде шомылу, жабдықталмаған және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, сондай-ақ балаларды су қоймаларына жақын жерде ересектердің қарауынсыз қалдыру сияқты су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан қайтыс болады.

2021 жылы суға шомылуға бейімделмеген жерлерде 5 адам суға батып кетті. Өз кезегінде құтқарушылар 11 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

Рейдтер шомылу маусымы бойы жалғасады.

 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қалада шомылуға рұқсат етілген төрт орын ғана бар.

Сайран көлі – Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр-Алмалы ауданы;

Сайран көлі – Әуезов ауданы, Төле би көшесінен пирске дейін оңтүстік бағытта 300 метр.

БАК им. Д. Қонаев-Баум тоғайы-Түрксіб ауданы;

БАК им. Д. Қонаев-демалыс аймағы Гүлдер-Жетісу ауданы.

Қызмет бағыты