Алматы қаласы ТЖД кез-келген жағдайда отпен күресуге дайын 33 жас маман ант қабылдады

Алматы қаласы ТЖД кез-келген жағдайда отпен күресуге дайын 33 жас маман ант қабылдады

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматы қаласы ТЖД №15 жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндіруші-құтқарушылар ант берді.
Ант беруді кез келген жағдайда отпен күресуге дайын 33 жас маман қабылдады. Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, жас мамандар жолдастарының алдында салтанатты ант берді.
«Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өз өмірлік қызметі ретінде құтқарушы мамандығын таңдайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парызыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек» - деп Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов жеке құрамға лебізін білдірді.
Орташа есеппен, Алматы қаласының құтқарушылары жыл сайын 3 мыңнан астам шақыртуға барады, ТЖ орнында 500-ден астам адамды құтқарып және 1 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерлерге эвакуациялайды.
Күн сайын ТЖ-ға жедел ден қою үшін жауынгерлік кезекшілікке 300-ге жуық адам және 80-нен астам техника, оның ішінде 4 әуе борты, 2 кинологиялық есеп түседі.
Бүгінгі таңда Департаменттің техиникасы 80% - дан астамын құрайды, қаланы өрт деполарымен толық қамту үшін 19 өрт депосы қаланың өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді, тағы 15-ін салу жоспарда .
2021 жылы Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Алатау және Наурызбай аудандарының өртке қарсы қорғанысы үшін 6 шақыртуға арналған 2 өрт сөндіру депосы іске қосылды. Бостандық ауданының Нұр-Алатау ш/а 4 шақыртуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жалғасуда.
Одан әрі ГИРС қондырғыларымен жабдықталған Алматы гарнизонының мотоцикл экипаждарының көрсетілімдері, сондай – ақ бірнеше секунд ішінде шабуыл сатысымен «4 қабат терезесіне» шығып, өрт сөндіру спортшыларының өнерлерін көрсетті. Алматы гарнизонының ардагерлері ұмытылмас әсер алды.