Бизнес диалог с предпринимателями проведен в ДЧС города Алматы

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіпкерлермен іскерлік диалог өтті
Бір жыл бұрын Төтенше жағдайлар департаменті мен ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл бизнес пен мемлекеттік бақылау органы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін қосымша алаң құрды.
Департамент алаңында өткен жұмыс кездесулерінің бірінде сараптамалық ұйымдардың өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өрт қауіпсіздігі аудиті бойынша сұрақтар талқыланды.
Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында аудит енгізілген, сондай ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға балама болып табылады.
Сонымен қатар, тексерудің бұл түрі адал кәсіпкерлерді ынталандырады. Осылайша, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектісі сараптама ұйымынан оң қорытынды алған жағдайда, аталған объект мемлекеттік өрт бақылау органының тексеруінен бір жыл мерзімінде босатылады.
Өз кезегінде Самат Асайынов сараптама ұйымдарының назарын білім беру ұйымдарындағы аудит жүргізу мәселеріне аударды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаржылай қаражат тұрақты түрде бөлінеді. Сондықтан бұл нысандарда аудит жүргізген қажетті емес. Департаменттің жүргізген талдауы бойынша, соңғы 5 жылда тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 96 нысанда ғана аудит жүргізілген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматыда тексеруден босатылған бұл нысандарда өрт оқиғалары жиі орын алады.
Басшының орынбасары сараптамалық ұйымдарды тәуекелі төмен санатындағы объектілердің, яғни қоғамдық тамақтану, дәмханалар, тұрмыстық дүкендер және т.б. иелеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша білікті көмек көрсетуге шақырды. Қатысушылардың пікірінше дөңгелек үстел форматындағы кездесу нәтижелі өткізілді, мұндай кездесулерді тұрақты түрде жиі өткізуге ниет білдірді.