Ірі өрттің шығуына себепші болған ер азамат ұсталды

Ірі өрттің шығуына себепші болған ер азамат ұсталды

Ірі өрттің шығуына себепші болған ер азамат ұсталды
12 тамызда 18 сағат 52 минутта өрт сөндірушілер Медеу ауданындағы "Подснежник" және "Дошкольник" бау-бақша қоғамдарының аумағында жану туралы хабарламаға шықты, келген бойда 1000 шаршы метр аумағында қураған ағаштар мен қараусыз қалған саяжай құрылысының қызыл жалынмен жанып жатқаны анықталды. Таулы жер, жел және адам бойымен бірдей тығыз өскіп кеткен бұталар өртті сөндіру жұмыстарына кедергі келтірді. Өртті жоюға автоцистерналардан дереу өрт оқпандары еңгізіліп, жанып тұрған құғақ өсімдікті жою үшін "Ермак" аспалы өрт сөндіргіштері, өрт сақпандары, күректер пайдаланылды. Жалпы ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Бір сағатқа жеткізбей, өрт 19:46-да жойылды, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Өрт болған жерден «ізін суытпай» полиция қызметкерлері алдын ала ақпарат бойынша күдікті 1990 жылы туған К. азаматын ұстады. Іс материалдары бұдан әрі тергеулілігі бойынша іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Медеу аудандық ПБ-на жіберілетін болады.
Таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті жағудан бас тартуды сұраймыз!
Ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады