Алматы облысында су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді

Алматы облысында су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді

Қонаев қаласында су басу қаупі бар учаскелердің мониторингі басталды.

2025 жылғы 31 қаңтарда Қонаев қаласында су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аумақтарды бірлесіп тексеру жүргізілді. Іс-шараға Қонаев қаласының әкімі А.Бердиханов, Алматы облысы ТЖД бастығы Д. Оразбеков, Ш. Шоқин атындағы Қапшағай ГЭС қалалық басқармаларының, әкімшілік және гидротехникалық құрылыс бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Тексеру барысында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарлары мен жедел ден қою алгоритмдері талқыланды. Су тасқыны қаупі бар жерлерге ерекше назар аударылды.

Жауапты тұлғаларға көрсетілген міндеттерді белгіленген мерзімде іске асыру тапсырылды. Қабылданған шаралар тәуекелдерді азайтуға және халықты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты