Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуы

2024 жылғы 4-5 қыркүйек аралығында Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» ҚР ТЖМ оқу- жаттығу полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен  «Орталық Азиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою» тақырыбында «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлары туындаған кездегі өзара іс-қимылдарыныңың тиімділігін арттыруға бағытталған.

4 қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуының ашылу рәсімі өтеді, оқу-жаттығу басталады.

5 қыркүйекте авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілетін оқу орындарында оқу-жаттығудың практикалық бөлігі, өрт-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы, арнайы оқу-жаттығудың жабылу және құтқару бөлімшелерін марапаттау рәсімі өтеді.

 

Басталу уақыты

04 қыркүйек 2024

Соңғы күні

05 қыркүйек 2024

Өткізу орны

«Жартасты қала – Астана» ҚР ТЖМ оқу- жаттығу полигоны (Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалы)

Оқиға түрі

Оқу-жаттығу