Ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық жұмыс тобы
Функциялары:
1) бөлімше құзыреті шегінде Азаматтық қорғаудың Мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі тиімділігін талдау;
2) мемлекеттік органдарды және Комитетті кестелерге, сұраныстарға, тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың өршуі мен қарқынының үрдістері туралы шолу-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
3) Министрлік, Комитет және Департамент басшылығына кестелерге, сұраныстарға, тапсырмаларға сәйкес бөлімше құзыретіне кіретін ақпараттық-аналитикалық ақпараттарды әзірлеу
4)Алматы облысының аумағын Дамыту бағдарламасына Азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу.
- Міндеті: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізу;
2) Азаматтық қорғау саласындағы қызмет бағыттары бойынша Деректер қорын толықтырудың үйлестірілуін жүзеге асыру:
- қызметтің бағыттары бойынша Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің аналитикалық материалдарымен;
- облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған даму үрдістері туралы шолу-аналитикалық ақпараттан ретроспективті деректермен;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен;
- авариялық-құтқару қызметтері және құрылымдары, авиациялық бөлімшелері және ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен.
- Міндеті: Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін сүйемелдеу және қамтамасыз ету:
Функциялары:
1) Комитет және Департамент интернет-ресурсын толтыру үшін бөлімшенің құзыреті шегінде тиісті бөлімшелерге мәліметтер ұсыну.
- Міндеті: Ақпараттық-аналитикалық қызметті жетілдіру
Функциялары:
1) Ақпараттық-аналитикалық қызмет, қазіргі заманғы талдау әдістерін пайдалану, азаматтық қорғау саласындағы инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолдану мәселелері бойынша шетелдің озық тәжірибелерін зерделеу мақсатында халықаралық ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу;
2) Департамент қарамағындағы құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
3) желілік және желіаралық сипаттағы аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша тақырыптарды қосып, ведомстволық жоспарлардағы «Ақпараттық-аналитикалық қызмет» бөлімдерін жыл сайынғы оңтайлы қалыптастыруды қамтамасыз ету;
4) Департамент қарамағындағы құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің ақпараттық-аналитикалық жұмысының жай-күйін зерделеу.