Курсанттардың апталық тәжірибесі

Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінің 4 курс курсанттарының № 2 Мамандандырылған бөлімінде апталық практикасы аяқталуға жақын.
Курсанттармен жан-жақты жұмыс ұйымдастырылды, олар таныстыру-тәрбие әңгімесінен, өрт-техникалық орталығына барып экскурсиядан, авариялық-құтқару жабдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулықтардан өтті.
Сабақ барысында курсанттар жауынгерлік қанат жаюда практикалық дағдыларды, газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында жұмыс істеу, зардап шегушіні іздеу және оқшаулау, алғашқы көмек көрсету, оқу-жаттығу мұнарасында құтқару және өзін-өзі құтқару элементтері, альпинистік дайындықтары пысықталды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы