Шығармашыл тұлға

Шығармашыл тұлға

Сіздерге қарапайым өрт сөндіруші болып жұмыс істейтін, жауынгерлік кезекшілікке кірісіп, адамдарды құтқаратын, ал бос уақытын сурет салуға арнаған Табай Нұрбек, азаматтық қорғау сержанты, жиырма бес жасар жігіт туралы айтып бергім келеді. 2016 жылдан бастап аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып жұмыс істейтін Нұрбектің жұмыстары Сізді Ақтөбе қ. 2-МӨСБ аумағына кіргеннен-ақ баурап алатыны сонша, әріптестері бұл «үйде суретші тұрады» деп әзілдеп жатады. Ол әрқашан сыпайы, мейірімді және қарапайым. Көшеде осындай адамды кездестіре отырып, ол құтқарушы болып жұмыс істейді немесе керемет суреттер салады деп ешқашан айта алмайсыз.

Нұрбектің біздің мамандығымызға арналған еңбектерінде шынайы патриотизм, қайсарлық пен таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілік көрінеді, олар терең мағынаға толы. Оның кенептерінде от өмірге келеді, өрт сөндірушілер үнсіз фигуралармен адамдардың өмірі үшін күреседі, мүлікті құтқарады және отқа тойтарыс береді! Оның қалай жұмыс істейтінін көру – бір ғанибет: қылқаламның нақты қимылымен жанасады, түстерді батыл араластырады, жұмысқа ойланып қарайды, Нұрбек өз туындысына толығымен кетеді! Кенептің соңында ол оны ұзақ бағалайды, әртүрлі бұрыштардан қарайды және тағы не қосуға болатынын ойлайды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы