Қалада өрт санының азаюы байқалады

Қалада өрт санының азаюы байқалады

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласының аумағында 202 өрт тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 5% - ға төмендеу байқалады. Бұл туралы Ақтөбе қ. ТЖБ бастығы Айбат Жанабергенов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Негізінен өрттердің 60% - ы тұрғын үй секторында, 25% - ы көлікте және 15% - ы басқа да жағдайлар бойынша.  

Себебі туралы айтатын болсақ, 75% отты абайсыз пайдалану, 15% электр сымдарының қысқа тұйықталуы, 10% пештерді пайдаланудың бұзылуы.

Қаланың 77 тұрғыны ҚР ӘҚБтК 336 бабы бойынша қоқыстарды жағу және 410 плитада тамақ қалдыру бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл кәсіпкерлік субъектілеріне байланысты жеке тұлғалар үшін 3-тен 5 АЕК-ке дейін және 5-тен 100 АЕК-ке дейін.

Ақтөбе қаласы ТЖБ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

 

Ақтөбе қ. ТЖБ