Өткен аптада облыста 12 өрт орын алды
Жалпы Ақтөбе облысының аумағында 373 өрт тіркелді, оның ішінде 198 өрт тұрғын үй секторында болды.
Тек өткен аптаның өзінде 400С дейін жоғары ауа температурасы аясында облыс аумағында жалпы көлемі 9 мың Га астам алаңда 7 дала және 5 орман өрттері орын алды.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап орман алқабында 70 гектардан астам алаңда 11 өрт, 8 дала өрті және 11 мың гектардан астам жалпы алаңда 138 жану болғанын атап өту қажет.
Бақылаусыз жану кезінде өрт жақын орналасқан елді мекендерге, егістік және жайылымдық жерлерге ауысып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, материалдық залал келтіруі мүмкін қауіптің ауқымын түсіну маңызды.
Аталған жанулардың себептері тасталған темекі тұқылдары, от жағу, ауыл шаруашылығы көлігінде ұшқын сөндіргіштердің болмауы, сондай-ақ егіс алқаптарында шөп қалдықтарын жағу сияқты адам факторының әсері болып қала береді. Осыған байланысты қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз!
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы