Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

20 маусым күні  «Табиғатты өртен қорғайық» және  «Балаларды қорғаңыз» акциясы аясында Алға қаласы, #3 Алға қазақ орта мектебінің жазғы лагерінде  ТЖБ бөлімінің қызметкерлері  балалар мен мектеп ұстаздары  арасында қызықты және тартысты эстафеталық ойындар өткізді.

Балалармен кездесу барысында ТЖ қызметкерлері жұмыс күндері және жалпы қызмет туралы айтып берді.

Сонымен қатар ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен балаларға  "Су айдындағы қауіпсіздік шаралары", "Өрт қауіпті кезең басталуы" және "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері" бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті жаднамалар таратылды.

 Түсіндіру жұмыстары барысында балалардың қызықтырған сұрақтарына жауаптары берілді.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

 

Қызмет бағыты