Жеке құрам арасында қауіпті аурулардан сақтандыру мақсатында жүргізілген дәріс туралы ақпарат

Әлеуметтік маңызы бар аурулар бұл  қоғамда кең таралуына байланысты ең көп өлім алып келетін және мүгедектігін тудыратын аурулардың қатарына жатады. Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың бекітілген тізбесіне:
Туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, жедел миокард инфарктісі және тағы басқа қауіпті аурулар кіреді. Сондықтан осындай қауіпті аурулардың алдын алу және сақтанудың жолдарын түсіндіру өзекті болып табылады және денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі.

Жеке құрам арасында әлеуметтік маңызды аурулардан сақтандыру және өз денсаулығын сақтау түсіндіру мақсатында 2024 жылғы 01 наурызда дәріс семинар жүргізілді.

Дәріскер №20982 ӘБ дәрігері, аға лейтенантА.Балгазина қауіпті пайда болу себептері және аталған аурулардан сақтанудың негізгі жолдарын, салауатты өмір салтын ұстану, физикалық белсенді әрекеттер жасау және теріс заттарды (ішімдік есірткі, темекі) қолданудан бас тарту қажеттілігін түсіндірді.