Ақтөбелік құтқарушылар марапатталды
Төтенше жағдайлар министрлігі ақтөбелік құтқарушыларды марапаттады. Оларға «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі, алғыс хат берілді.
Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов 6-10 ақпан күндері аралығында өз жұмысын адал атқарып, науқастарға, жолда қалған адамдарға көмектескен бір топ қызметкерге министрлік марапатын табыстады.
Хромтау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Алмағамбетов, Облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Мейрамбек Доспаев, «Жедел-құтқару жасағы» РММ бас құтқарушысы Айқын Оңалбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін тақты.
Сонымен бірге төтенше жағдайлар қызметінің 9 қызметкері ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасын алды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы