Құтқарушылар 47 жастағы жоғалған ер адамды тапты

24 желтоқсан күні Қобда ауданы, Бегалы ауылы «Атапкел» шаруа қожалығының малшысы шамамен сағат 10:00-де шығып қайтып оралмағаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Қобда ауданының 5 құтқарушысымен 2 бірлік техникасы шықты.
Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар кешкі сағат 22:30-да Бегалы ауылынан 3 шақырым жерден аман есен тапты.
Медициналық көмекті қажет етпеді.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.
Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі
Қызмет бағыты