Құтқарылған тағы бір өмір

Құтқарылған тағы бір өмір

22 қараша күні Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы Жаңаталап көшесіндегі үйлердің бірінің аумағында құдыққа екі күшік түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына Мұғалжар ауданының құтқарушылары жіберілді.

Шақырту орнына жеткен құтқарушылардың көмегімен әжетханаға байқаусызда түсіп кеткен екі күшік құтқарылды.
Құтқарушылар күшіктерді бірден таза ауаға шығарды.

Құтқарылған күшіктер үй иелеріне берілді.

Жануарларға күтім жасау-біздің өміріміздің маңызды аспектісі. Жануарлар-біздің қамқорлығымыз бен назарымызды қажет ететін кішкентай тіршілік иелері. Олар біздің көмегімізге әрдайым мұқтаж екенін естен шығармайық.


Ақтөбе облысы ТЖД төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуды ескертеді!

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы