Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары!

ҚЫС-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған.
23 қарашада сағат 11:55-тен 12:55-ке дейін дабыл естіледі. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының ТЖ Департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан сигналды тексеру кезінде тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді және қауесетке берілмеуді сұрайды.

Қызмет бағыты