РАДИО ЭФИРДЕ "СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК"

2023 жылдың 16 маусымда «Ақтөбе» радиосының тікелей эфирінде Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Жанабергенов су маусымы кезеңіндегі су қауіпсіздік шаралары туралы сөз сойлейді. Сонымен қатар, қала тұрғындарымен ата-аналар назарына 1 маусымнан бастап су айдындарының жағаларында күнделікті негізде (сағ. 13.00ден 20.00ге дейін) рейд жүргізу іс-шаралар жүргізіліп жатқаны туралы атап өтті. Рейдтік шараларды полиция, ТЖД қызметкерлерімен барлығы 60 астам қызметкер және 6 атты патруль жүзеге асырады.
1 маусымнан бастап полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 130 әкімшілік хаттамалар толтырылды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 440-бап бойынша – 16 адам (138 000тг.), 364-бабы бойынша 114 адамға ескерту жасалынды.