Өрт сөндірушілердің күшімен "ЛиманГаз" газ құю бекетіндегі өрт ауыздықталды

Өрт сөндірушілердің күшімен "ЛиманГаз" газ құю бекетіндегі өрт ауыздықталды

Ағымдағы жылғы 17 шілдк күні 18 сағат 45 минутта  Ақтөбе облысы Алға ауданы, Алға қаласы, Абай көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан "ЛиманГаз" газ құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр жерүсті  цистернасында газ ауаның қоспасының гүрсүлі  орын алды.

Шақырту орнына жедел түрде 26 қызметкер және 7 бірлік техника жіберілді.

Нәтижесінде "Тойота Камри" маркалы 1 жеңіл автокөлік, 1 погрузщик автотехникасы, 22 кв.м 1-қабатты операторлық ғимарат қирап, өртенді.

 Өрт сөндірушілердің күшімен 2 тиегіш автотехникасы және сыйымдығы 54 текше метр цистерна құтқарылды.

Өрт 20 сағат 02 минутта толықтай сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер өздерінің кәсібилігінің, жеделдігінің  арқасында жақын жерде орналасқан  бөгде ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті дер кезінде сөндірді.

Тілсіз жаумен күресіп, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін әріптестерімізге алғыс айтамыз!

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді‼

Өрт шыққан жағдайда дереу " 101 ""112" нөміріне хабарласыңыздар.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы