Қар құрсауында қалған азаматшаны ауруханаға жеткізді

Қар құрсауында қалған азаматшаны ауруханаға жеткізді

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ ауылында жүкті келіншек ауа-райының нашарлауына байланысты аудандық ауруханаға жету мүмкіндігі болмай жатқандығы жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға орнына Әйтеке би ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы және 1 медбике жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен жетті.
Құтқарушылар қалың қар құрсауына қарамастан азаматшаны аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты.

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі