«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» АКЦИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" акциясын өткізу шеңберінде 2021 жылдың 18 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқо рлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті ғимаратында Ақтөбе қаласы ТЖБ жеке құрамы арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Ақтөбе қаласыТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Айбат Жанабергенов Басқармада жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Мақсат Әбикенов баяндаманы назарға ала отырып, А.Жаңабергенов заңнаманы сақтауға ерекше назар аударып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмысы мен жазасына шолуларға назар аударды.
Дөңгелек үстел қорытындысын бекіту үшінАқтөбе қаласы ТЖБ жеке құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бейнеролигі көрсетілді
Қызметкерлер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.