Ақтөбе су қоймасының жағалау аймағынан 30 текше метр қоқыс жиналды

Ақтөбе облысы ТЖД «Жағалау аймақтарындағы халықаралық тазалық күні» аясында Ақтөбе су қоймасында қоқыс жинау бойынша «Таза жағалау» және «Актобе дыши» еріктілер топтарымен бірлескен акция өткізілді. Оқиға орнына келгеннен кейін бұл акцияны құтқарушылардан басқа Ақтөбе қаласының әкімдігі, Облыстық спорт басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сияқты ұйымдар өткізгені қуантты.
Барлығы жағалауға 280-ге жуық бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды, олар 30 текше метр қоқыс жинады. Осы акцияны қорытындылай келе, Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің бастығы М.Аманбаев: «Бүгін біз, өкінішке орай, жазғы кезеңде жерлестеріміз тастап кеткен қоқыстардан тазарта отырып, біздің Жер-анамызға қарызымызды береміз. Егер бұл қоқыс суға түсетін болса, алдағы уақытта су тасқыны кезеңінде мұз кептелісін тудыруы мүмкін»,- деді.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы