Департамент қызметкерлері зағип және нашар көретін жандарға Брайль әліпбиіндегі өрт қауіпсіздігі туралы жадынамаларын табыстады
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Ақтөбе облысының ТЖД Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы Р.Ф. Сиражетдинованың қатысуымен «Қазақ соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігіне өрт қауіпсіздігі бойынша Брайль қарпінде жазылған 2 мың дана жадынама табыстады. Аталмыш жадынаманы облыстық әкімдіктің қаржылық қолдауымен ТЖД әзірлеген.
Айта кету керек, бұл жадынамалар зағип және нашар көретін адамдарға жазуға және оқуға арналған рельефті-нүктелі тактильді шрифтпен жасалған. Біздің облыста осы санатқа кіретін 1 мыңнан астам азамат тұрады. Біздің облысымыздың осы «ерекше» тұрғындары әлемді оның тез ағымымен естуге, көруге және қабылдауға толық құқылы. Әрине, бұл адамдар үшін кездесетін проблемалық мәселелерді шешуге құзыретті мемлекеттік органдар бар, бір сөзбен айтқанда біздің қоғамда олардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалады. Облыстың ТЖД де шетте қалмады, бұл «адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі» мәселелерінде құзыретті органдармен бірлесіп шешуге болатын үлкен жұмыстың бастамасы ғана болып отыр.
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы