Ақтөбе облысы ТЖД көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт тактикалық оқу жаттығуларды жалғастыруда

Жарияланған күні: 28 қыркүйек 2023

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша 12 қабатты тұрғын үйдің 8 қабатындағы пәтерде тұрмыстық үй заттары мен жиһаз жанып, салдарынан қатты түтін пайда болды.
Пәтер иесінің 9-шы қабаттағы көршісі дереу түтінді байқап Ақтөбе қаласының өрт сөндіру қызметінің «101» желісіне өрт туралы хабарлайды.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және  алпинистік жабдық арқылы  адамдарды құтқарып, эвуакациялады.
Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері биік үйдегі өртті сөндіру тактикасын пысықтады.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру.
Оқу-жаттығуға 14 бірлік техника мен жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы білімдерін шыңдауға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа қауіпсіздік шараларын үйретуге барынша күш салуда.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.