Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Оқу жаттығуға ТЖД қызметкерлері, #6655 әскери бөлімі сарбаздары, қызыл ай қоғамы, zello-poisk волонтерлері, апаттар медициналық орталығы, инженерлік қызмет, электрлік желілер қызметі, жедел-жәрдем қызметкерлері мен жол көлік полиция қызметкерлері қатысты.
Жоспарға сәйкес, Хромтау ауданының аумағында қуатты дауылдың өтуі және жол көлік оқиғасы мен аяздан зардап шеккендердің көп болуы сынды оқиғалар орын алды.
Қазіргі уақытта қысқы жағдайларда, авариялық-құтқару, қыс мезгілінде жаппай жол көлік оқиғасы кезінде, іздестіру-құтқару жұмыстары, электр беру желілерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып және резервтік энергия көздеріне қосыла отырып, авариялық учаскелерге көмек көрсету мәселелері іс жүзінде пысықталды.
Республикалық командалық оқу жаттығудың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, өздеріне берілген тапсырмаларды өз міндеттеріне сәйкес орындап, оң баға алды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-жергілікті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, басқарушы құрамның басқару органдарымен өзара іс - қимылын пысықтау, шешімдер қабылдау, қысқы кезеңде ықтимал төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау, күштер мен құралдарды авариялық-құтқару жұмыстарына даярлыққа келтіру.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы