Ақтөбе облысы ТЖ департаменті Қызылорда облысында өткізілген өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы XXVIII және әйелдер арасындағы VIII жазғы чемпионаттың жеңімпаздарын салтанатты күтіп алды

Жарияланған күні: 10 тамыз 2022

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті Қызылорда облысында өткізілген өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы XXVIII және әйелдер арасындағы VIII жазғы чемпионаттың жеңімпаздарын салтанатты түрде күтіп алды.

Жиын барысында Ақтөбе облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы Кадыров Арман Кавашевич спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Айта кету керек чемпионатта Ақтөбе облысының ТЖ департаменті ерлер командасы жауынгерлік қанат жаюдан өздерінің кәсібиліктерін көрсетіп 1 орынды иеленді.

Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 4-орын алды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы