Сотрудники УЧС г.Актобе ежедневно совместно проводят с сотрудниками полиции проводят профилактические рейды как на городских пляжах.

Жарияланған күні: 01 тамыз 2022

Бүгінгі күні облыс аумағындағы су қоймаларда 4 314 патрульдеу жүргізілді. Нәтижесінде 563 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа рейд барысында Азаматтық қорғаныс саласындағы инспекторлармен жабдықталмаған жерде суға түскені үшін ӘҚБК 412 бабы (су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) бойынша 2 адамға қатысты айыппұл (7 АЕК әр қайсысына 21 441 тг)  салынды.

Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп күнделікті қаладағы су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Рейдтің мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Адамдарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді және шомылуға тыйым салынған жерлерді еске салады.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті ересектерге балаларға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіруге шақырады.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары жағажайға барғанда алкогольді ішімдіктерді қолданбауларыңызды, балалардың қараусыз қалмауын қадағалауларыңызды, рұқсат етілген арнайы жерге ғана шомылуларыңызды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Ақтөбе қаласының ТЖБ