ТЖ Министрі Юрий Викторович Ильиннің Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды

Жарияланған күні: 11 шілде 2022

ТЖ Министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны жеке құрамымен кездесіп, Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелеріне жүктелген функциялардың нақты орындалуына назар аударып, жеке құрамға сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Министр Мартук ауданы ТЖБ бастығы Коваленко Тарас Васелеевичке және өрт сөндіру жедел кезекші қызметінің орынбасары  Умешов Аманғали Сагингалиевичке «азаматтық қорғау майоры» шенін табыс етті.

Сонымен қатар азаматтық қорғау майоры Бақытжанов Қалихан Арыстанбайұлы, азаматтық қорғау старшинасы Қомытов Азамат Төребекұлы, азаматтық қорғау сержанты Төлеуғанов Қанат Амандықұлына «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгі табыс етті.
Сондай-ақ, азаматтық қорғау лейтенанты Жаха Айнұр Нұрлыбекқызы, жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушысы Косовец Виктор Сергеевич, азаматтық қорғау капитаны Дамир Расихович Ахатовқа өз атынан Алғыс хат табыстады.


Қоғаммен байланыс тобы
Ақтөбе облысы ТЖД