Жас өрт сөндірушілер арасында Өрт сөндіру-құтқару спортынан чемпионат өтті

Жарияланған күні: 16 мамыр 2022

Балалар жылы аясында және Авиация генерал майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері, ұшқыш Талғат Бигелдиновтың 100-жылдық мерейтойына орай Байғанин ауданында Облыстық Өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы чемпионат өтті.

Ашылу салтанатына Облыстық ТЖ департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Айтқұлов, аудан әкімі Қ.Отаров және жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысып, чемпионат алауы жағылды.

Жалпы турнирге облыстың 12 ауданынан және қалалық бөлімшелерден 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының 14 командасы қатысты.

Жасөспірімдер  балалар жылы аясында өткізіліп отқан  спорттық турнирде өздерінің дайындықтарын 100 метр қашықтықта кедергілері  бар жолақтан өту,  өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю кезеңдері бойынша бақ сынады.

Жарыстың бірінші күнінде жас сөндірушілер  жасөспірімдер 100 метр қашықтықта кедергілері бар жолақтан өту және өрт эстафетасы кезеңдері бойынша бақтарын сынады.

Нәтижесі бойынша 100 метр қашықтықта кедергілері бар жолақтан өтуде 1-орынға Байғанин ауданының жас өрт сөндірушілері жайғасса,

2-орынды Темір ауданының жас өрт сөндірушілері иеленді, ал Қобда ауданының жас өрт сөндірушілері үштікті түйіндеді.

Өрт эстафетасы кезеңінде Байғанин ауданының жас өрт сөндірушілері командасы 1-орынды бағындырып, 2-орынды Темір ауданының жас өрт сөндірушілері командасы еншіледі,ал 3-орынды Ойыл ауданының жас өрт сөндірушілер командасы иеленді.

Жарыстың шешуші кезеңінде жас өрт сөндірушілер жауынгерлік қанат жаю кезеңі бойынша бақтарын сынады. Командалар ең жақсы уақытты көрсету үшін барлық күштерін, білімі мен дағдыларын пайдаланды. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынға Темір ауданының жас өрт сөндірушілер командасы жайғасса, 2-орынды Мәртөк ауданының жас өрт сөндірушілер командасы иеленді, ал 3-орынды Байғанин ауданының жас өрт сөндірушілер командасы қанағат тұтты.

Осылайша, жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру–құтқару спорты чемпионатының қорытындысы жарияланып жалпы командалық есеп бойынша 3-орынды Ойыл ауданының жас өрт сөндірушілер командасы иеленсе, 2-орынды Байғанин ауданының жас өрт сөндірушілер командасы жеңіп алды, ал 1-орынды Темір ауданының жас өрт сөндірушілер командасы қанжығасына байлады.

Әр кезең өзіндік ерекшелігімен жанкүйерлер мен спортшыларға ерекше әсерін тигізді.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Қ.Қасым және аудан әкімі Қ.Отаров, сонымен қатар ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Айтқұлов кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Чемпионаттың ауыспалы туы Мәртөк ауданының №15 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Асхат Хакимович Шариповке тапсырылды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы