Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер

Жарияланған күні: 21 қаңтар 2022

Қыста жол жағдайы едәуір күрделене түседі, мұз, қар құрсауы – мұның бәрі автомобильдерге кедергі келтіреді және қозғалысты айтарлықтай баяулатады. Ал шұғыл шақыру орнына асығатын өрт сөндірушілер үшін әрбір секунд маңызды. Адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың оқиға немесе өрт орнына келу жылдамдығына тікелей байланысты. Алайда, көптеген автоәуесқойлар арнайы автокөліктерге жол бермейді, осылайша өз әрекеттерімен көмек қажет адамның өміріне қауіп төндіреді.
Өрт сөндіру машинасына жол бере отырып, Сіз біреудің өмірін құтқара аласыз! Автокөлік жүргізушілері, мұқият және жауапты болыңыз. Біздің әрқайсымыз өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көмекке асығып бара жатқан адамдардың орнында болуымыз мүмкін. Бей-жай қалмаңыз!

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы