«Тәртіп пен заңдылықты бұзудың алдын алу бойынша қызметті ұйымдастыру» тақырыбы аясында жиын өткізілді
2021 жылғы 10-13 қараша күндері Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметкерлері үшін «Тәртіп пен заңдылықты бұзудың алдын алу бойынша қызметті ұйымдастыру» тақырыбында оқу-әдістемелік жиындар өтті.
Өзара тәжірибе алмасып, жеке құраммен жұмыс істеудің тиімді нысандарын әзірлеуге септігін тигізетін жиындарда әдістемелік дайындықпен қатар көрнекі сабақтар, нұсқаулық кеңестер, тренингтер өткізілді.
Жиыннан тыс уақытта Ақтөбе облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекцияның бас маманы Шынтас Сартов ведомстволық оқу орнының болашақ түлектерімен кездесті.
Кездесу барысында Шынтас Мейрамбайұлы ақтөбелік курсанттардың сабақ үлгерімін бақылап, оқу кезінде тәртіп пен заңдылықты сақтау қажеттігін ескертті.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
