15 - тамыз спорт күні

Жарияланған күні: 16 тамыз 2021

Көптеген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстанады және үнемі спортпен шұғылданады. Бүгін, 15 тамыз - Спорт күні, спортты өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Қайрат Дарменов туралы айтқымыз келеді.

Жоғары оқу орындары арасында бокстан Мәскеу облысы біріншілігінің жүлдегері, жоғары оқу орындары арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан Мәскеу облысы біріншілігінің жүлдегері, кешенді жекпе-жектен Мәскеу біріншілігінің жүлдегері, 5 км, 10 км, 21 км, 42 км қашықтықта жеңіл атлетикадан Ақтөбе облысының жүлдегері - Қайрат спортпен 2010 жылдан бері жүйелі түрде айналысады. Қазіргі уақытта джиу-джитсудан спорт шеберіне кандидат.

«Спорт біздің мамандығымызда өте қажет. Дене шынықтыру дайындығы өрт сөндірушілердің ТЖ жоюға байланысты міндеттерді орындау кезінде маңызды рөл атқарады. Шынында да, көптеген жағдайларда қызметкердің физикалық төзімділігіне тек жауынгерлік тапсырмаларды орындау жылдамдығы ғана емес, сонымен бірге адамдарды құтқару да байланысты!»,- дейді Қайрат.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы