ТЖМ құтқарушылар техникасы

Жарияланған күні: 02 тамыз 2021

Бүгін #ТЖМқұтқарушылартехникасы айдарында КАМАЗ базасындағы «АЦ 5-40» өрт сөндіру автоцистернасы.

Бұл модель:

- өрттерді өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге;

- өрт орнына 7 адамнан тұратын жауынгерлік есепті, өрт-техникалық қару-жарақ және өрт сөндіргіш заттар қорын жеткізуге;

- өрт ошақтарын сөндіру кезінде қысымды жеңдер, қол және лафетті (тасымалданатын және стационарлық) оқпандар мен көбік генераторлары арқылы төмен және орташа еселі су мен ауа-механикалық көбікті беруге мүмкіндік береді.

Көлемі 5000 литр цистернанының толықтай босауына шамамен 15 минут жетіп жатыр. Сөндіру кезінде, әдетте, бір машинадан бір уақытта кем дегенде 2 оқпан беріледі. 2 оқпанды беру кезінде мұндай өрт сөндіру машинасындағы су 10 минут ішінде бітеді!

Ақтөбе облысы

Қоғаммен байланыс тобы