Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Жарияланған күні: 19 шілде 2021

2021 жылғы 18 шілде күні сағат 20:23-те Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыпқа жауып, өзін-өзі өртегелі жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 бірлік техника жіберілді.

Оқиға орнына келген бойда Ақтөбе қ. №3 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары - азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар ауа-көбікті оқпанын берді. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған азамат құтқарылды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы