Жарылыс салдарынан жеке тұрғын үй құлады

Жарияланған күні: 12 сәуір 2021

2021 жылғы 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылындағы жеке тұрғын үйдің верандасының жануы туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына Өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жедел түрде шықты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үй иесі үйдің верандасына газ конденсаты бар 5 литрлік пластикалық бөтелкені алып келіп, содан кейін жарылыс пайда болған. Сонымен қатар, Өрт қауіпсіздігі ережесінің 43-тармағы 1-тармақшасының бұзылуы анықталды. (43. Пәтерде және тұрғын бөлмелерде: 1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарын сақтауға рұқсат етілмейді).

Төтенше оқиғаның нәтижесінде 6 адам Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды, оның ішінде 3 бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. 1992 ж.т. азаматша дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаторлық емге жіберілді.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы