Үздік өрт сөндіру бөліміне конкурс жарияланды

Үздік өрт сөндіру бөліміне конкурс жарияланды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбе облысының ТЖД облыстағы өрт сөндіру бөлімдерінің арасында «Ең үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру, өрт күзеті қызметкерлерінің бастамасы мен белсенділігін, кезекші қарауылдардың жауынгерлік дайындығын арттыру болып табылады.

Басты шарты: ұзақтығы 2-3 минуттан аспайтын бейнеролик дайындау, онда бөлімнің шақыруларға шығуын жүзеге асыру, құтқару жұмыстары және бөлімнің өзімен танысу бойынша Өрт сөндіру қызметінің жұмысы көрсетілетін болады.

Байқау 15 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Нәтижелері 6 мамыр күні жарияланатын болады.

                                                                       Ақтөбе облысы ТЖД

                                                                     Қоғаммен байланыс тобы

Басталу уақыты

16 сәуір 2021

Соңғы күні

06 мамыр 2021

Оқиға түрі

Конкурс