Ақтөбе облысы ТЖД жас суретшілер арасында байқау жариялайды

Ақтөбе облысы ТЖД жас суретшілер арасында байқау жариялайды

Биыл Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл. Осы орайда біз өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығын танымал ету мақсатында жас суретшілер арасында байқау жариялаймыз. Байқау Ақтөбе облысының ТЖД ресми парақшасында (aqtobe_tjd) өтеді.

Мақсаты: Байқау жас ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, ұлттық мақтаныш, балалар мен жасөспірімдердің өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қиын еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Ол балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көркем-эстетикалық тәрбиені арттыруға және байқауға қатысушылардың таланттарын анықтауға бағытталған.

БАСТЫ ШАРТ: Шығармашылық жұмыстардың тақырыбы – өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және құтқару қызметінің басқа мамандарының күнделікті жұмысының көрінісі, сондай-ақ құтқару қызметі қызметкерлерін Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл жылдығымен құттықтау. ⠀Конкурсқа 5 жастан 10 жасқа дейінгі облыс балалар қатыса алады

КЕЗЕҢДЕРІ:
1. Конкурсқа қатысу үшін 24 қыркүйектен 12 қазанға дейінгі аралықта өз жұмыстарыңызды dchsa@mail.ru поштасына НЕМЕСЕ Direct жіберіңіз. Хатта ілеспе ақпаратты көрсетіңіз: қатысушының аты-жөні және жасы, ауданы немесе елді мекені.

2. 12-15 қазан аралығында бұл жұмыстар біздің Instagram парақшамызда жарияланады және ең көп лайк жинаған материалдар конкурстық комиссиямен қаралатын болады.

Міндетті ілеспе ақпарат көрсетілмеген жұмыстар қаралмайды.
⠀
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 17-18 қазанда анықталатын болады.
⠀
Жеңімпаздар 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылатын іс-шарада бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Басталу уақыты

24 қыркүйек 2020

Соңғы күні

12 қазан 2020

Оқиға түрі

Конкурс