Құтқарушылар қоныс тойын тойлады

Көкшетауда жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысы ТЖД 32 қызметкері жеке тұрғын үй кілтін алды.
Биыл барлығы 38 құтқарушы пәтер иелері болды. Жаңа тоғыз қабатты үй жақында пайдалануға берілді. Жаңа қоныстанушылар қатарында Департамент қызметкерлері бар. Тұрғын үй кілттерін облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов және Ақмола облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Бақытжан Алашов тапсырды. Өңірдің бас құтқарушысы жаңа қоныстанушыларды құттықтап, бұл бағыттағы алғашқы қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ТЖМ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мұның бәрі аймақ басшылығымен келісімнің арқасында мүмкін болды. ТЖД қызметкерлеріне тұрғын үйді кредиттеуге қаражат бөлу жөніндегі жол картасы және жеңілдетілген кредиттеу жөніндегі ереже бекітілді.
Келесі жылы Ақмола облысы ТЖД-ның тағы 42 қызметкері өз тұрғын үйінің иегері болады.
Ақмола облысы ТЖД