«Арна» колледжінің студенттеріне арналған экскурсия

Көкшетау қаласының құтқару станциясында «Арна» колледжінің 4-курс студенттеріне экскурсия өткізілді, оның барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары студенттерді Жедел-құтқару жасағы мен кинологиялық қызметтің жұмыс бырысымен таныстырды, жасақтың қызметінде бар авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарын көрсетті және оларды авариялық-құтқару жұмыстарына және басқа да төтенше жағдайларға шығу кезінде пайдалану туралы айтып жеткізді. Экскурсия барысында студенттер ТЖ кезінде зардап шеккендерді іздеуде көмек көрсететін төрт аяқты құтқарушылармен танысып, олардың дайындығы мен үйренуін бағалай алды, сондай-ақ апаттық-құтқару құралдары мен жабдықтарымен танысты.
Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Жедел-құтқару жасағы