Абай облысында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Абай облысында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Кеше облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтіп, су тасқыны мен алдағы қысқы кезеңдерге дайындық мәселелері қарастырылды, сондай-ақ шомылу маусымының қорытындылары шығарылды.

Отырыс барысында облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшылары тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен көлік инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша тыңдалды.

Сонымен қатар, облыстың ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы қатысушыларды хабардар етті.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары жылыту кезеңі мен су тасқынының өтуі ауа-райының жағдайына да, объектілер мен инфрақұрылымның дайындалу дәрежесіне де, басқару органдарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және халықтың дайындығына да байланысты болатынын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы қысқы және су тасқыны кезеңдерінде облыс аумағында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін бірқатар міндеттер жүктелді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі