ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЕКІ ЖАС ӘЙЕЛДІ УЛАНУДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

16.10.2022 жылы 20:16-да кезекші пультіне 35-квартал 5-үй мекен-жайындағы пәтер түтінге оранғаны туралы хабарлама түсті. Пәтер сырттан жабық болды.
Аталған мекен-жай бойынша құрамында 2 бірлік техника мен 5 адамнан тұратын №2 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел шықты.
Оқиға орнына келген қызметкерлер 3-ші қабаттағы пәтерге терезе арқылы үш тізелі баспалдақпен көтерілді.
Пәтерде екі жас әйел болғаны анықталып, біреуі ес-түссіз болды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды жедел жәрдем станциясының дәрігерлеріне тапсырды.
Орын алған жағдайдын себептері анықталуда.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ