Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Халықаралық журналистика
  • Қоғамдық байланыс

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі бойынша Ортсайлаукомның нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының негізгі қызметі бойынша, оның ішінде президентті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабардар етуді және референдумды қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; президентті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабардар етуді және референдумды қамтамасыз ету болып табылады;саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған Президенттікке кандидаттар, саяси партиялар үшін телевизияда сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау; Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады; Қазақстан Республикасында сайлауды және республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; Ортсайлауком Төрағасы мен мүшелерін, Комиссия аппаратының басшысын олардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету; Ортсайлауком Төрағасы мен мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізуі, сондай-ақ олардың бұқаралық ақпарат құралдарында, брифингтер мен баспасөз конференцияларында сөз сөйлеуі үшін ақпарат дайындауы тиіс; БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ОСК-ның бюджеттік өтініміне ұсыныстар беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.10.2022 – 08.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.11.2022

Сұхбаттасу орны

г. Астана, ул. Бейбитшилик, 4

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 75-28-43