Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты халықаралық ынтымақтастық бөлімнің меңгерүшісі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Астана қаласы
Қосымша талаптар
Ағылшын тілін еркін білу
Функционалды міндеттер
Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің сайлау органдарымен ынтымақтастықтың жоспарлануын қамтамасыз ету және дамыту;шет мемлекеттердегі сайлау мен референдумдарды байқау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын Қазақстан Республикасындағы сайлау және республикалық референдумдарға аккредиттеудің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; аккредиттелген байқаушылар үшін куәлік үлгісін әзірлеуді қамтамасыз ету; сайлау органдары қауымдастықтарының (ДСОҚ, ЕЕСҰҚ, АСОҚ) құжаттарында қамтылған сайлау және референдумдар мәселелері жөніндегі ақпаратты талдау және қорыту; Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қорытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Ортсайлаукомның отырыстарында қаралатын мәселелерді дайындауға қатысу; Ортсайлаукомның және Ортсайлауком аппараты қызметкерлерінің шетелде өткізілетін іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Ортсайлаукомның халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің өкілдерімен ресми кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Ортсайлаукомның бір жылға арналған жұмыс жоспарына және Ортсайлаукомның сайлауды және республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес аппарат бөлімдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі халықаралық ұйымдар миссияларының қорытынды есептерінің материалдарын дайындау және ұсынымдарын талдау; Ортсайлаукомның жылдық Жұмыс жоспарының және есебінің жобасына ұсыныстарды әзірлеу; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Ортсайлаукомның бюджеттік өтініміне ұсыныстарды енгізу; алдағы үш жылдық кезеңге арналған 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік өтінімін дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.09.2022
- г. Нур-Султан, ул. Бейбитшилик, 4
-
8(7172)752843