Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2023 жылғы 30 маусымға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Ортсайлауком отырыстарында қаралатын ақпараттық, анықтамалық, басқа да материалдарды бөлімнің құзіреті бойынша дайындау; Ортсайлауком ортырыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу;Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Ортсайлауком басшылығының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық және өзге де актілердің жобаларын дайындауға қатысу; сайлау мен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындауға қатысу; сайлауды және республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын, сайлау құжаттарының нысандарын, сайлау мен республикалық референдум өткізу кезінде Есептіліктің схемалары мен нысандарын әзірлеуге қатысу және алынған деректерді жинақтауға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, оларды Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін бөлімнің құзыретіне сәйкес материалдар дайындау; Ортсайлаукомның ақпараттық бюллетені үшін бөлім құзыретінің мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыру; жетекшілік ететін өңірлерде сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының жұмыс практикасын зерделеу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы сайлау және республикалық референдум туралы заңдардың ережелерін біркелкі қолдану жөнінде ұсынымдар дайындауға қатысу; Ортсайлауком аппаратының бөлімдерімен бөлім құзыретінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; жетекшілік ететін өңірлер бойынша сайлаушылар, сайлау учаскелері туралы мәліметтерді талдау, «Қазақстан Республикасының депутаттары және сайлауды ұйымдастырушылар туралы мәліметтер» ААЖ жүргізу, ақпараттық-талдау жүйесін толтыру мәселелері бойынша «ҚР ОСК ИТО» РМК-мен өзара іс-қимыл жасау; жетекшілік ететін өңірлерде мәслихат депутаттарының өкілеттігін тоқтату және мандаттарды беру туралы мәліметтерге мониторингті жүзеге асыру; жетекшілік ететін өңірлер бойынша аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің, кенттері мен ауылдарының әкімдерін ауыл әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы, кандидаттарды ұсыну, тіркеу барысы және сайлау қорытындылары туралы мәліметтерге мониторингті жүзеге асыру; төмен тұрған сайлау комиссияларының құрамдары, оларда жетекшілік ететін өңірлер бойынша бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтердің мониторингін жүзеге асыру; сайлау учаскелері туралы мәліметтерге мониторингті жүзеге асыру; бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.07.2022 – 19.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к., 4

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 75-28-43, факс: 8(7172) 39-01-45